Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 6 адам ауруханаға түсті

Аймақ
29.12.2020, 15:53

Адам шығын жоқ

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 6 адам ауруханаға түсті

Елордада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

29 желтоқсан сағат 11:38-де Тәуелсіздік даңғылының бойында жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысып қалды.

47 жастағы әйел «Volkswagen Polo» автокөлігін басқарып келе жатып, орын ауыстырған кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, маршруттық автобуспен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан автобус жарықтандыру тірегіне соғылды.

Ауруханаға маршруттық автобустың 5 жолаушысы мен «Volkswagen Polo» автокөлігінің жүргізушісі жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерден қозғалыс кезінде барынша мұқият болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Сұхбат

PhotoRoom