Ақтөбе облысында шахтада қаза тапқан төрт кеншінің өліміне кінәлілер анықталды

Аймақ
22.01.2021, 13:11

Комиссия үш апталық тексерудің қорытындысын жариялады

Ақтөбе облысында шахтада қаза тапқан төрт кеншінің өліміне кінәлілер анықталды

30 желтоқсанда «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза тапқаны туралы хабарланды.

Осы қайғылы жағдайға байланысты кен орнының жұмысы уақытша тоқтатылып, қылмыстық іс қозғалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында еңбек инспекторлары, полиция, жұмысшылардың өкілі бар.

Үш апта бойы тексеру жүргізген комиссия мүшелері шахтадағы өрт кеншінің өліміне жұмыс берушілер кінәлі деп есептейді.

Осы жазатайым оқиғаға әкеп соққан мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеп, куәгерлерден сұрау барысында жиналған барлық дәлелдемелер базасын ескере отырып және жұмыс берушінің техникалық құжаттамасы мен материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша комиссия осы жазатайым оқиға өндіріспен байланысты деген қорытындыға келді.

Комиссия мынадай негізгі себептерді анықтады: жұмыскерлердің өздерінің өрескел абайсыздығы; жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзуы; жұмыс өндірісінің тиісінше ұйымдастырылмауы.

Комиссия мүшелері қаза тапқан қызметкерлердің туыстарымен кездесіп, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғауға заңды құқықтарын түсіндірді.

Арнайы тергеп-тексеру материалдары процестік шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдарына берілді.

Сұхбат

PhotoRoom