Алтай Көлгінов елорданы жайлы етудің төрт жолын айтты

Аймақ
09.02.2021, 13:41

Бірінші - тұрғын үй мәселесі

Алтай Көлгінов елорданы жайлы етудің төрт жолын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Ол Instagram парақшасында Нұр-Сұлтанды дамыту жөніндегі жұмыстың маңызды бағыттары және кездесуде қаралған мәселелер туралы айтты.

«Бүгін Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездестім. Сұрақтарға жауап беріп, елорданы дамыту бойынша бірқатар маңызды бағыттарды талқыладық. Қаланы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспарының тұжырымдамасы аясында тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып дамытудамыз», - деп жазды.

БІРІНШІ - ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ

Өткен жылы елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, оның 80% - жеке инвестициялар есебінен. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй саны үш есеге артты. Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Жеңілдікті пәтерлерді алушылар санатын кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн-нан 1,5 млн теңгеге дейін ұлғаяды.

Сондай-ақ, Елбасы ұсынған «жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасады.

ЕКІНШІ - ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынды. Биыл оқушы орындарының саны 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артады. Ірі мектептердің құрылысына көшеміз. Сондай-ақ, құрылысқа жеке инвестициялар тартамыз. Бұдан басқа, реаблитациялық орталықтар желісін, «үй маңындағы дәрігер» объектілерін және т. б. кеңейту бойынша жұмыс жалғасады.

ҮШІНШІ - ҚАУІПТІ ТҮРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІН ЖӨНДЕУ, АПАТТЫ ЕСКІ ҮЙЛЕРДІ СҮРУ

Әлеуметтік үйлерді салып қана қоймай, қолданыстағы үйлерді де жөндеу қажет. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделді. Осы жылдың басында апатты жағдайдағы ескі үйлерде тұрып келген 400 отбасы жаңа қауіпсіз пәтерлердің кілттерін алды. Аталған шаралар биылды жалғасады.

ТӨРТІНШІ - АБАТТАНДЫРУ

Қала тұрғындарының жаяу жүруіне жағдай жасау өте маңызды. Үйден шыққан кезде абаттандырылған аулалар, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, алаңдар, бульварлар) болуы маңызды. Өткен жылы 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттанды. Қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды, бос жерлер, батпақты жерлер және т. б. абаттанды.

Осы жылы «жасыл» тұжырымдаманы іске асыру жалғасады: тал егу, бақшалар салу, қаланың көрікті жерлері мен мәдени объектілері аумақтарында жасыл желектердің санын ұлғайту.

Бұдан басқа, жүйелі негізде елді-мекендерді дамытуды, жеке секторға газ тарату желілерін тартуды, жолдар, көпірлер, үлестік құрылыс объектілерін салуды, нөсер кәріздері жүйесін жаңғырту және т.б. жалғасады.

«Бұған дейін өткен жылдың қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар төрт аудан тұрғындарымен талқыланды. Тиімді кері байланыс үшін апта сайын азаматтарды қабылдаулар өткіземіз, менің есептік кездесуім 10 ақпанда өтеді – бізге тұрғындардың қаланы дамыту процесіне тартылуы маңызды», - деп жазды елорда әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom