Алтай Көлгінов елордадағы спорт кешендерінің маңызы жайында айтты

Аймақ
15.02.2021, 11:11

Қала мэрі қолданыстағы спорт нысандарын жөнделетінін айтты

Алтай Көлгінов елордадағы спорт кешендерінің маңызы жайында айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы спорт нысандарының маңызы жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа спорт кешендері спортпен шұғылдануға баулып қана қоймай, спорт түрлерінің дамуын жаңа сапалық деңгейге шығаруға, қалалықтардың бос уақытын спортқа арнауға мүмкіндік береді!

Қазақстан теннис Федерациясы 2019 жылдың күзінде жаңа «Дәулет» теннис орталығының жұмысымен таныстырған. Бұл спорт мекемесі былтырдың өзінде қосымша - 340-тан астам баланы оқуға алуға мүмкіндік берді. Бұл бұрынғыға қарағанда 40% көп. Осылайша, қазір шамамен 1 мыңдай бала тенниспен айналысады», - деді қала басшысы.

Жаңа спорт кешеніне 8 жабық және 5 ашық корт, жаттығу залдары, теориялық сабақтарға арналған әдістемелік залдар, тамақтану аймағы және т. б. бар.

«Барлық халықаралық талаптарға сай келетін осындай спорт мекемелерінің ашылуының арқасында еліміздің спортында жұлдызды жаңа есімдер пайда болатынына сенімдімін! Спорт кешендері - жаңадан бастап келе жатқан спортшыларымызға - трамплин, ал қалалықтар үшін - пайдалы демалыс орны.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасауға жұмыс істейміз, балалар-жасөспірімдер спорты мен федерацияларды қолдаймыз, қолданыстағы спорт нысандарын жөндейміз», - дейді қала әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom