Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Рейтинг
01.03.2021, 12:41

Экс-әкім өз өтініші бойынша қызметінен босатылды

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ержан Жасыбаев 1965 жылы туған. Өскемен жол-құрылыс институтын құрылысшы инженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.

Әр жылдарда ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ӨЖУ бастығы, «Жамбылавтожол» КМ-нің, «Казақавтожол» РМКК Жамбыл филиалының, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Алматы мемлекеттік мекемесінің бас инженері, Алматы облысының автокөлік жолдары департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы директорының орынбасары, директоры, Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық басқармасының директоры, «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

2014 жылдың қазан айынан бастап Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Әбдірайымов өз өтініші бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Сұхбат

PhotoRoom