Тоқаев халықаралық ұйымның дамуына байланысты бірқатар ұсыныс айтты

Саясат
10.03.2021, 14:16

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ ұйымының бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады

Тоқаев халықаралық ұйымның дамуына байланысты бірқатар ұсыныс айтты

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұйымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы хабардар етті. Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша ауқымды мәселелер қаралды.

Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі институтын құру туралы ҚР Президентінің бастамасын іске асыру бойынша ұйым хатшылығы жүргізіп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның алдағы дамуына байланысты бірқатар ұсыныстар айтып, Қазақстан тарапының ҰҚШҰ шеңберінде саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom