Әйелдерге қатысты кемсітуді жою: Тоқаев тағы бір жарлыққа қол қойды

Құқық
10.06.2021, 10:06

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Әйелдерге қатысты кемсітуді жою: Тоқаев тағы бір жарлыққа қол қойды
Алматыда әйел құқығын қорғау үшін өткен митинг, фото: informburo

Мемлекет басшысы ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққа қол қойды.

Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді.

Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көзделеді:

  • БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
  • адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
  • мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
  • әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
  • бірлесу бостандығына құқық;
  • пікір білдіру бостандығына құқық;
  • адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
  • үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
  • адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.

Үкімет осы жарлық негізінде іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етіп, жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша ҚР Президентінің әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынады.

Сұхбат

PhotoRoom