Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқандардың саны 17-ге жетті

Аймақ
11.09.2021, 17:48

28 жастағы өрт сөндіруші көз жұмды

Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқандардың саны 17-ге жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

«Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын» делінген хабарламада. 

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестірілуде.

Сұхбат

PhotoRoom