Pfizer Қазақстанда тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынбауы мүмкін

Жаңалықтар
11.10.2021, 14:54

Алексей Цой Pfizer вакцинасына қатысты маңызды сұраққа жауап берді

Pfizer Қазақстанда тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынбауы мүмкін

Қазақстанда Pfizer вакцинасы егілетін адамдардың тізімі кеңейтілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Pfizer вакцинасына тоқталсақ, бастапқы кезеңде бұл екпелер 12 жастан бастап балаларға және жүкті әйелдерге арналады. Кейін осы вакцинамен қамтылатындар тізімін кеңейтуіміз мүмкін», - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Pfizer компаниясының вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге рұқсат етілген жалғыз екпе болып тұр.

«Осыған байланысты министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойды», - деді министр.

Сұхбат

PhotoRoom