Ақмола облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

Аймақ
26.10.2021, 14:06

Мектептегі оқу форматы апта соңына дейін онлайн режимге ауысады

Ақмола облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

Бүгін түнде (26 қазан) Зеренді ауылының мектебінде 40 шаршы метр алаңда жаттықтырушы кабинеті өртенді, жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 15 минут ішінде сөндірілді. Өрт алаңы 40 шаршы метрді құрады, өрт кезінде жаттықтырушының бөлмесі бүлінген. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, «Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-да оқу апта соңына дейін онлайн режимде өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom