Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасы мақұлданды

Әлеумет
03.11.2021, 11:20

Қазір Қазақстандағы 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл жолғы рақымшылық шарасында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінгенін атады. Оның айтуынша, бұл жолы да алдымен мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандар босатылады. Сонымен бірге осы заң жобасында алғаш рет әлеуметтік төмен топқа ерекше назар аударылып отыр.

Ал, заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.

Қазір Қазақстандағы 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар екен. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған 5 мың адам тергеуде қамауда отыр. 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45 пайызы оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда.

Сұхбат

PhotoRoom