ШЫМКЕНТ: «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жаңалықтар
19.04.2022, 09:59
ШЫМКЕНТ: «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат қажы Қыдырмин Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді.

Сапар аясында бірқатар рухани қайырымдылық іс-шараларына қатысты. Солардың бірі, Шымкент орталық мешітінде тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қатысып, ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының басшылығына және тұрақты акцияға қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына арнайы алғысын жеткізді.

Бүгінгі күні арнайы бекітілген 5 орында 650 үйге (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) азық-түлік салынған қораптарды үлестірілді.

Сұхбат

PhotoRoom