Шымкент қаласында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-мі мен полиция департаменті қызметкерлері бірлесе отыра аудан аумақтарында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.
Рейдтік іс-шара - компьютерлік ойынханалар мен жастар көп шоғырланатын демалыс аймақтарында ұйымдастырылды.
Құрметті ана-атаналар!
Егерде анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталған жағдайда, сіздер немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылатындығын естеріңізге саламыз.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы