ҚОС ПАРТИЯНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ТОҒЫСУЫ «AMANAT»-қа ДЕГЕН ҮЛКЕН СЕНІМ

Жаңалықтар
27.04.2022, 14:49
ҚОС ПАРТИЯНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ТОҒЫСУЫ «AMANAT»-қа ДЕГЕН ҮЛКЕН СЕНІМ

Менің ойымша қазіргі таңда партиялық жүйеде белсенді саяси партиялардың күшеюге бет ала бастағанын байқаймыз. Оның бір мысалы «ADAL»  партиясының «AMANAT» партиясына қосылу туралы шешімі. Партиялардың нығаю үдерісін қолдау қажет, ол азаматтық қоғамға, партиялар, қарапайым азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогтың тиімділігіне оң әсер етеді.

Партиялар сайлаушылар үшін күрес барысында тұрғындардың проблемаларына жылдам жауап беруге, оларды шешу жолдарын ұсынып, жарияланған шаралардың орындалуына ұмтылады.
Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының жолдауынан кейін «ADAL» партиясы «AMANAT» партиясымен бірігуге ниет білдірді. Саяси кеңес бірауыздан билеуші партияға өту туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, адалдықтар өз жақтастарын халықтың табысын арттыру, мамандандыру карталарын әзірлеу, әкімдерге әдістемелік қолдау көрсету, заң жобалары аясындағы және тағы да басқа міндеттер бойынша, партия мүшелеріне берген өзге де бастамалардың орындалатынын сендірді.

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан Қалмаханұлы

Сұхбат

PhotoRoom