«Бедел» бастауыш партия ұйымында партия мүшелерімен бірге   Бағдарламалық құжаттарды іске асыру және ҚР Президентінің саясатын қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жаңалықтар
12.05.2022, 07:24
«Бедел» бастауыш партия ұйымында партия мүшелерімен бірге   Бағдарламалық құжаттарды іске асыру және ҚР Президентінің саясатын қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында сөз алған «Бедел» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мырзабек Мырзашұлы Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша оның ішіндегі бағыт-бағдарлар туралы  маңыздылығын түсіндірді.

Конституциялық реформа – Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. 

Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған:
Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу;
Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру;
Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.

Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқаларының айырмашылығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің жұртқа ұғынықты болу үшін бұл түзетулер Ата Заңның нақты баптары мен тармақтары көрсетілген бірнеше бөлікке бөлінген.

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепетеңдігін және оңтайлы болуын қалыптастырады.

Сондай-ақ президенттік институттың барынша дербес болуын қамтамасыз етеді. Осылайша, конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыртындығын айтып өтті.

Сұхбат

PhotoRoom