ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ШАҒЫН СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Рейтинг
14.11.2025, 14:23
ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ШАҒЫН СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

әкен Сейфуллин ауылдық округінің орталығы — Ынтымақ ауылында тұрғындар мен жастардың спортпен шұғылдануына арналған шағын спорт нысаны пайдалануға берілді.

Жаңа спорт нысанында асық ату, тоғызқұмалақ, теннис, шахмат сияқты ұлттық және зияткерлік ойын түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаттығу құралдарында дене шынықтыруға толық жағдай жасалған. Алдағы уақытта күрес секциясының ашылуы жоспарланып отыр.

Шағын спорт кешені ауыл азаматтарының ұсынысы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, сондай-ақ ауыл азаматтарының демеушілігімен қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ынтымақ ауыл жастарының дамуына үлес ретінде Марғұлан Әлжанов пен Мадина Әлжанова демеушілігімен 2,5 миллион теңге көлемінде спорт залға барлық қажетті дене шынықтыру құралы сатып алынып, сыйға берілді.
__

В ЖАНААРКИНСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫЛСЯ СПОРТКОМПЛЕКС

В селе Ынтымак открыт небольшой спортивный объект, предназначенный для занятий спортом жителей и молодежи.

В новом спорткомплексе созданы все условия для занятий национальными и интеллектуальными видами спорта, такими как асык ату, тогызкумалак, настольный теннис и шахматы, а также для физических упражнений на тренажерах. В будущем планируется открытие секции по борьбе.

Мини-спорткомплекс был восстановлен и отремонтирован по инициативе жителей села на основе государственно-частного партнерства, а также при поддержке местных спонсоров.

Вклад в развитие молодежи села внесли Маргулан Алжанов и Мадина Алжанова, которые приобрели и подарили спортзалу необходимое спортивное оборудование на сумму 2,5 миллиона тенге.

Сұхбат

PhotoRoom