16.06.2025 в 12:23

Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері мас-рестлингтен I Қазақстан чемпионатында алтын медаль иеленді

Маусымның 13–15 аралығында Алматы қаласында мас-рестлинг (таяқ тартыс) бойынша тұңғыш Қазақстан чемпионаты өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар бақ сынады.

Ұлытау облысы ТЖД-ның спортшылары өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды:
 •🥇 Қадырғали Анель — әйелдер арасында 85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль
 •🥇 Әлтай Бердіқұл — ерлер арасында 90 кг дейінгі салмақта алтын медаль
 •🥉 Кабдулхамитов Ернұр — ерлер арасында 70 кг дейінгі салмақта қола медаль

Анель Қадырғали мен Әлтай Бердіқұл өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, Моңғолияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!