10.11.2025 в 10:16

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӨРТ ІРІ МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Мақта шаруашылығы – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды салалардың бірі. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан. Мұнда 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді, оларда шамамен 70 мың адам еңбек етеді.

     Түркістан облысында мақта кластері дамып келеді. Түркістан облысында тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы төрт ірі мақта өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Түркістан облысына инвестициялар тарту, су үнемдеу технологияларын енгізу, егістік алқаптарын ұлғайту бағыттарында оң өзгерістер байқалады. Осы мақсатта бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин жұмыс сапарымен Отырар ауданындағы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-ның заманауи мақта өңдейтін кластерінің құрылыс алаңында болды.

       Сапар барысында холдинг төрағасы көпфункционалды кешеннің құрылыс жұмыстарымен танысып, Түркістан өңірінің өндірістік әлеуетін оң бағалады. Сондай-ақ тараптар агроөнеркәсіп саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

        Мақта кластерінде жылына 360 мың тонна шитті мақта өңдеу жоспарланған. Жалпы жоба құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Мұнда тұрмыстық және дайын тоқыма өнімдерін шығарылады. Жоба толық іске асқан жағдайда 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы аумағы 39 308 шаршы метрді қамтиды. Кешеннің инфрақұрылым жұмыстары жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Осы тұста Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы маңынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта талшығынан жіп, мата және дайын тоқыма өнімдерін шығаратын жаңа зауыт салу жоспарлануда.

      Айта кетейік, бүгінде Отырар өңірінде 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы мақта егілген. Алқап маңында салынатын төрт зауыттың екеуін биыл іске қосу жоспарланған, қалған екі кластердің құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі.

       Қазақстан жыл сайын 300 мың тоннадан астам мақта шикізатын және 70–75 мың тонна мақта талшығын өндіреді. Өнімнің 85%-ы Латвия, Түркия, Ресей, Қытай және өзге елдерге экспортталады. Алайда, қосылған құнды арттыру және сыртқы нарыққа тәуелділікті азайту үшін терең өңдеуді дамыту басты назарда.

        Мақта саласын дамыту жөніндегі Жол картасы және мақта-тоқыма кластерін қолдау аясында Түркістан облысында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Заманауи технологияларды енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын күшейту және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру – Қазақстанда мақта шаруашылығының ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуына, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетінің артуына берік негіз қалайды.

     Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Бір тонна шитті мақтадан 330-360 кг. талшық, 550-580 кг тұқым және 30-40 кг қысқа талшық алынады. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар — бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орташа есеппен алғанда, 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата тоқуға болады. Киім тігу мен тұрмыс қажетін өтеудің сыртында соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, кирза және басқа да бұйымдар жасалады. Сонымен қатар мақта талшығынан автомобиль және авиация өнеркәсібі үшін техникалық маталар тоқылады. Дамыған елдердегі мақтаның көпшілігі механикалық жолмен, не мақта теретін машинамен, не мақтаны зақымдамай шығыршықтан мақтаны алып тастайтын машинамен немесе зауыттан бүкіл қозаны алып тастайтын мақта тергішпен теріледі. Мақта тергіштер тым желді аймақтарда және әдетте химиялық дефолиант қолданғаннан кейін немесе мұздату кезінде пайда болатын табиғи дефолиациядан кейін қолданылады. Мақта – тропиктік аймақтардағы көпжылдық өсімдік, дефолиациясыз, тоңусыз өсімдік өсе береді.