10.11.2025 в 10:24

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

 

      Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларды қолдауға басымдық беру керектігін айтып келеді. Әр облыста, ірі облыс орталықтарында спорт секцияларын ашуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Елімізде спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатындар саны 6 миллион адамға жетті. Бұл мереке өмірін спортпен байланыстырған спортшылар, жаттықтырушылар, балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше.

      Келес ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт нысаны салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Абай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт нысаны салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кешеннің ашылу салтанатына арнайы қатысып, келестіктердің қуанышымен бөлісті.

       – Бүгін Келес ауданында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Аймақта заман талабына сай жаңа спорт кешені пайдалануға берілуде. Баршаңызды осы ғимараттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мен халықтың денсаулығын нығайтуды басым бағыттардың бірі ретінде айқындап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде өңірімізде жаңа спорт нысандары бой көтеріп, жастардың спортпен тұрақты түрде айналысуына қолайлы жағдай жасалуда. Пайдалануға беріліп отырған бұл заманауи спорттық-сауықтыру кешені «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында салынды. Бұл нысан аудан тұрғындарының спортпен айналысуына және кәсіби спортшылардың шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді деп сенемін. Біз спорт саласын дамытуға және жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береміз. Өйткені ұлттың денсаулығы – елдің ең қымбат байлығы. Сондықтан баршаңызды салауатты өмір салтын ұстанып, жаңа кешеннің мүмкіндіктерін толық пайдалануға шақырамын! Жаңа нысан ел игілігіне қызмет етіп, осы жерден бүкіл елдің атын әлемге танытатын Олимпиада және әлем чемпиондары шыға берсін! – деді облыс басшысы Нұралхан Көшеров.

      Заманауи спорт кешенінің жобалық құны — 1,8 млрд. теңге. Мұнда 250 жанкүйерге арналған жарыс залы, волейбол, баскетбол, күрес, аралас жекпе-жек, бокс залдары қарастырылған. Жаттығу өткізіп қана қоймай, ірі жарыстар өткізуге болады.

       Айта кетейік, биыл облыс көлемінде 102 спорт нысанын салу жоспарланып, оған қажетті қаржы бөлінді. Бүгінде 66-сы нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Олардың қатарында ескек есу каналы, 5 спорт кешені, спорт залдар мен алаңдары және футбол манеждері бар.

       Өңірде бұқаралық спортты дамыту бағытында халықаралық спорттық сайыстар легі де жалғасып келеді. Ел намысын қорғап жүрген спортшылар да жетерлік. Облыста спорт саласына қолдау көрсету жұмыстары жалғаса бермек.  

      Қазақстанда спорт саласы кең қолдауға ие және әрбір қазақстандықтың күнделікті тұрмысы мен өмірінде ерекше орны бар. Салауатты өмір салтын ұстану, спортты дамыту – ұлт денсаулығы, қылмыстың деңгейі, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты, елдің имиджі, ел игілігі үшін маңызды мәселелер кешенінің шешімі екені анық дүние. Сондықтан елімізде спорт саласын дамыту аса маңызды. Соңғы жылдары елімізде бұқаралық спортты дамыту, оны жастар арасында насихаттау мақсатында VII халық ойындары, IV ауыл жастары ойындары, «Қолжетімді спорт» жобасының II кезеңі, «Тұран Барысы» Азия кубогы, «Ұлы дала жорығы» бірінші республикалық марафон-бәйгесі өткізілді. Сонымен қатар жыл сайын республика бойынша 1,2 млн адамның қатысуымен 25 мыңнан астам спорттық іс-шаралар өткізілді. Соңғы жылдары әсіресе жастар арасында кеңінен танылған: түрлі марафондар, фестивальдар және т.б.