10.11.2025 в 10:27

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЭЛЕКТРОВОЗ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ұлттық статистика бюро деректеріне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 6,3%-ға өсіп, 191,5 млрд АҚШ долларына (99,6 трлн теңге) жетті. Бұл өсім негізінен өңдеуші емес сектордың жоғары белсенділігі арқылы қамтамасыз етілді. Түркістан өңірінің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрады. Осылайша, 2025 жылдың алғашқы жарты жылдық қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.

     Арыс қаласында электровоз шығаратын зауыт құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Арыс қаласында франциялық Alstom компаниясымен бірлескен электровоз шығаратын зауыт құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Аталған жобаның іске асуы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

       Қала әкімі Қайсар Маңқараев құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты, мемлекет тарапынан жобаға қажетті қолдаулар толық көрсетілетінін айтып, жауапты мамандарға мәселелерді уақтылы шешуді міндеттеді. Бүгінде нысанның инженерлік жүйелерін тарту бойынша тиісті техникалық шарттар алынып, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын рәсімдеу толық аяқталған.

      Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Мұнда 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 2,9 гектар аумақта орналасатын зауыт жылына 2 000-ға жуық электровоз құрастыруға қауқарлы. Сондай-ақ мұнда теміржол құрамдарына қажетті техникалық қызмет көрсету бағыты да дамиды.

       Айта кетейік, франциялық Alstom компаниясы теміржол саласына арналған локомотивтер, жоғары жылдамдықты пойыздар мен трамвайлар шығару бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында.
     Өңір экономикасының өсімі, негізінен, тау-кен, өңдеу, уран өндірістері, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу есебінен орын алды. 5 ай көлемінде Түркістан облысындағы өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Бекітілген жоспар 105,5%-ға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесінде – 280,4 млрд. теңге болса, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемі 259,6 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл салада өндірілген өнім көлемі 194,3 млрд. теңгені құрап, өсім 6,3%-ға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 млрд. теңгені құрап, өсім 1,4 есе артты. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 306,1 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 125,5%-ға орындалды. Сауда көлемі 269,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,6 есе артығымен орындалды. Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 209,3 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға артқан. Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені құрап, 15,2%-ға артты. Түркістан облысы – тұрақты даму жолындағы мүмкіндігі мол аймақ. Жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады.

      Экономиканы әртараптандырудың негізгі белгісі – өңдеу өнеркәсібінің дамуы. Бұл сектор (машина жасау, азық-түлік өндірісі және т.б.) 6,2% өсім көрсетті, осылайша ЖІӨ-нің 12,4%-ын құрады. Бұл – экономиканың жай ғана шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар тауар өндіруге қарай бет бұрып жатқанын білдіреді. Салыстырып қарасақ, тау-кен өндірісі небәрі 3,5%-ға өскен.