ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САЙРАМДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Рейтинг
10.12.2025, 10:33
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САЙРАМДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

      Сайрам ауданында құны 2,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын жаңа инвестициялық жоба іске асырылмақ. Құны 2,5 млрд теңгеден асатын жоба аясында Қайнарбұлақ ауылдық округінде заманауи көпфункционалды қойма кешені салынады.

         Кешен құрамында қойма алаңдары, өндіріс цехтары, көлік сервисі, кафе, қонақ үй және 3 гектарлық тир-парк болады. Аудан әкімі Мадияр Оразалиев «TorSel Group» ЖШС-нің басшысы Ахмет Орушұлымен кездесіп, жобаның мақсаты мен құрылымын талқылады.

        Инвестициялық жоба жүзеге асса 100-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жобаның құрылысы 2026 жылы басталады деп жоспарлануда.

        Сайрам ауданы Түркістан облысындағы ең кіші аудандардың бірі болып саналады. Ауданда әлеуметтік-экономикалық даму қалыпты жағдайға түсіп, жалпы экономикалық өсім байқалады. Бюджеттің кіріс бөлігі айтарлықтай ұлғайып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында жалпы өнім көлемі өсті, шағын және орта кәсіпкерлік дамыды. Аудан экономикасының сан-саласына едәуір мөлшерде инвестиция құйылды, ипотекалық тұрғын үй құрылысы сапалық жаңа сатыға көтерілді. Сондай-ақ, газобетон және пластик өндіріс цехтары жолға қойылып, заман талабына сай көлік жөндеу орталығы бой көтереді. Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу, оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді.

       Сайрам ауданында биыл жалпы құны 62,3 млрд теңгені құрайтын 21 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өткен жылы құны 15,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 235 жұмыс орны ашылған болатын. Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандар саны - 23 549 бірлік. Ал олардың өндірген өнім көлемі 208 млрд теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артқан. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелендіруді арттыру бағытында 75 жоба қаржыландырылды. Өткен жылы облыс әкімдігінің «Сайрам» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ құру туралы қаулысы қабылданды. Аталған индустриялық аймақта іске асырылатын жобалар саны – 126-ны құрап, жобалардың құны 62,2 млрд теңгеге жетіп отыр. Нәтижесінде 1 835 жұмыс орны ашылмақ.

         Жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы, өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен кәсіпкерлікпен айна­лысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

Ауданда ауыл шаруашылық бағытында кәсіпкерлік дамып жатыр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты, салада 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып156,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 180,0 млрд теңгеге жеткізу межеленіп отыр.

 

 

 

  

Сұхбат

PhotoRoom