Бұл күні барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері (облыстық басқармалар, департаменттер, аудан әкімдіктері, мемлекеттік және білім беру мекемелері) Гимнді бір мезетте шырқады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері де бұл шарадан тыс қалмай, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді.
Еске салсақ, 1992 жылғы 4 маусым күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.