"Мен жақында Бейбіт Атамқұловпен (ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрі) кездестім. Ол жерде бірде-бір әскери адам жоқ. Жақында ғана екі вице-министрін тағайындады. Екеуі де әскери немесе басқа да күштік құрылымға жатпайтын адам. Бұл не? Сол баяғы тамыр-таныстық па? Бұлай болмауы керек. Ең болмаса екі вице-министрдің біреуі әскери адам болуы керек. Тәжірибелі, сол саланы бүге-шүгесіне дейін білетін адам болуы қажет. Біреуі спортпен айналысады екен (вице-министр Арман Рамазанов туралы), бұлшық еттері білеуленіп тұр екен. Бірақ, бұл жер мускол көрсететін жер емес. Бірақ, ол танк пен БТР-ды ажырата алмаса не керегі бар" дейді депутат, әскери қайраткер, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев Астанадағы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралаған сәтінде.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана аталмыш ведомстваның вице-министрі болып тағайындалған Арман Рамазанов спортпен шұғылданады, сондай-ақ, бұлшық еттерін көрсеткен бірнеше фотоларын әлеуметтік желілерде салған екен.
"Сайгез-ақпарат"