Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жыл сайынғы қорытынды баспасөз мәслихаты өтті. Атамбаевтың айтуынша, Ресей мен Қазақстан басшылары одан тағы бір мерзімге қалуын сұраған.
Қырғызстан президенті қорытынды баспасөз мәслихаты алдағы сайлау туралы, оппозицияның оған деген сенімсіздігі туралы айта келіп:
«Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев менен екінші мерзімге қалуымды сұрады. Бірақ мен олай істей алмайтынымды, біздің халықтың басқа екенін түсіндірдім. Олар кімді лайық деп санайды, соны сайлайды», - деді.
"Сайгез-ақпарат"