06.12.2016 в 16:33

Алматы-Шу жаңа темір жол желісі жұмысына кірісті

Бүгін жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы-Шу темір жолымен пойыздардың қозғалысына рұқсат берді.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Алматы - Шу темір жолы жолаушылар тасымалдау мен транзиттік жүктерді өткізетін маңызды жол торабы. Ел экономикасы өскен сайын жүк пен жолаушы тасымалына сұраныс артып келеді. Соған орай, Сіздің тапсырмаңызбен «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы аясында екінші жол құрылысы жүзеге асырылуда. Құрылысқа 90 пайыз отандық өндіріс материалдары пайдаланылды.  Аса мәртебелі Елбасы! Биылғы жылдың тамыз айында Сізге таныстырылған отандық жаңа үлгідегі кең қорапты жолаушылар вагондары сертификаттау сынағынан өтті. Бүгін пайдалануға дайын тұр», - деді Алматыдан тікелей желі арқылы байланысқа шыққан «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Алматы темір жолы бөлімшесі» филиалының директоры Съезбек Әлішев.

Дереккөз: Қазақпарат