12.12.2016 в 21:31

Билік басындағы лауазымды 25 тұлға. Қай өңірдің өкілдері басым?

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміздегі жоғары лауазымды 25 тұлғаның қай өңірден, қай облыстың өкілі екенін, билікте қай аймақтың адамдары басым екенін тағы бір естеріңізге сала кетейік. Бұл жерде қала әкімдері мен облыс әкімдері тізімге енген жоқ. Келесіде әкімдерге де тоқталатын боламыз...

Еліміздегі танымал лауазымды тұлғалардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облыстарының тумасы екен. Екінші орында - Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тумалары болса, 3-орында Қарағанды мен Қарағанды облысының тумалары екен.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылордада дүниеге келген.