Құрметті Елбасы! Фабриканы іске қосуға рұқсат етіңіз!» -деді KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Олег Новачук Индустрияландыру күні аясындағы телекөпір барысында.
«Бұл - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында іске қосып отырған ең ірі кәсіпорын. Сонымен қатар осы алып өндіріс Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасып отыр, бұл жерде осындай кәсіпорын болмаған еді. Мен өте қуаныштымын. Жақында сіздердің кәсіпорындарыңызға баратын боламын»,-деді Президент аталған өндірісті іске қосу барысында.