Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке кірістер (трансферттерсіз) 5,8 трлн теңге сомасында түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша асыра орындау сомасы 396 млрд теңгені құрады, республикалық – 255 млрд теңге, жергілікті бюджет бойынша – 141 млрд теңге.
«11 айдың ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,8%-ға мемлекеттік бюджет кірістері бойынша өсім байқалады, республика бойынша - 41,1% және жергілікті бюджет бойынша - 13,6% өсім», - деді Б. Сұлтанов.
Жалпы, мемлекеттік бюджет кірістері 107,3%-ға, республикалық - 106,6%-ға, жергілікті - 109,1%-ға орындалды.
Спикердің айтуынша, жыл қорытындысы бойынша салық түсімінің айтарлықтай асыра орындалуы күтілуде, шамамен 250-300 млрд теңге.
«Бұл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті тартпауға мүмкіндік береді», - деп сөзін түйіндеді қаржы министрі.
Мемлекеттік бюджет шығындары шамамен 9 трлн теңгеге жетіп, 20%-ға артты. Игеру қарқыны өткен жылдағымен салыстырғанда жақсырақ. Жалпы мемлекеттік бюджет шығыны 97%-ға, республикалық - 98,2%-ға және жергілікті - 96,6%-ға орындалды. Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығынын орындау 98,6% шамасында күтілуде.
"Сайгез-ақпарат"