Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ең алдымен жас ұрпақтың бойына парасаттылық қағидатын қалыптастыру қажет. Себебі, бүгінгі студент келешек маман,ал елдің дамуы парасатты, адал, ұлтжанды азаматтардың қолында деген қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабтың басшысы С.Мәжінбеков студенттермен кездесті.
Кездесу барысында Штаб басшысы жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажеттігін жеткізді.
«Биыл барша ел болып, халқымыздың ғұлама ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Ұлы бабамыз өзінің еңбектерінде адал еңбекті, адал ара қатынасты өмірлік ұстаным етуді дәріптеген. Ол «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, жастарды адал жүріп, тұруға және еңбек етуге шақырды» - деді Сәкен Мәжінбеков.
Сонымен қатар, адал жүріп, еңбегінің жемісін көрген, еліміздің дамуына үлес қосқан бірқатар тұлғаларды атап, солардың ізімен жүруге тілектестігін білдірді.
Шара соңында жастар парасаттылық тұрғысында өз ойларымен бөлісіп, арам жолмен келген ақша берекелі болмайтындығына тоқталды.