Шымкентте 2019 жылы аудандық полиция асқармаларының жанынан «бір терезе» қағидаты бойынша 4 фронт-офис ашылды.
Сонымен бірге, өткен жылы полиция департаментіне жаңадан қызметтік 109 автокөлік берілді.
Жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін 35 жерге 100-ден аса «сергек» камералары орнатылды.
Полиция қызметкерлеріне 1402 дана планшеттер берілді.
Қазіргі таңда біршама жақсы динамика бар. Атап айқанда, 2019 жылы жол-көлік оқиғалары саны - 12,2%, жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар 1,3%-ға, жарақат алғандар 6,2% төмендеді.