14.02.2020 в 16:13

ШЫМКЕНТ: КЕПТЕЛІС МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Шымкентте қолданыстағы магистралды жолдардың өткізу қабілеті тәулігіне 20 - 35 мың автокөлікке шақталған. Ал, нақты көрсеткіш 50-70 мың автокөлікті құрап отыр.

Бұл мәселені шешу мақсатында 2020 жылы 13 магистралды жолды қайта құру, 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би - Арғынбеков) және 4 көпірдің құрылысы, Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 айналма жолы, №1 автожол, Адырбеков көшесін қайта құру, Әл-Фараби көшесінің жалғасын салу көзделген.