Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы аталуы биылғы жылдың басты жаңалығы. Жылдың басты оқиғасына баланған шара шеңберінде қалада халықаралық 34 іс-шара ұйымдастырылмақ. Осы орайда шетелдік қонақтармен тікелей жұмыс жасайтын еріктілердің кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие.
«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасына волонтерларды даярлау мақсатында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і арасында ынтымақтастық МЕМОРАНДУМЫ түзілді.
Волонтерлармен жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаты қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы волонтерларды анықтау, оларды волонтерлықтың "Bilim", "Qamqor", "Úmit", "Sabaqtastyq", "Taza Álem" және "Saulyq" 7 салалық бағыттары бойынша және Шымкент қаласы ТМД елдері мәдени астанасының салтанатты ашылуында волонтерлардың қызметіне байланысты жұмыс жүргізу болып табылады.
Жалпы арнайы оқытудан өтетін волонтерлар саны 300-ге жуық деп жоспарланып отыр. Олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы әрі көмек көрсетуші ретінде қызмет көрсетпек. Айта кетейік, еріктілерге арнайы үлгідегі киімдер таратылып олардың жол жүру ақысы мен тамақтануы қарастырылатын болады.