26.02.2020 в 17:00

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар қызметінің сапасын арттыруға басты назар аударылуда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту арқылы өзекті проблемаларды шеше отырып, азаматтардың сенім деңгейін айтарлықтай арттыруға ықпал етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Осыған орай, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік органдар мен Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесе тұрақты түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен даенсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Жобалық кеңсе басшысы Е.Төлебаевтың айтуынша,  Шымкент қаласының Қаратау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына мониторинг жұмысы барысында қызметкерлер мен тұрғындар тарапынан дөрекілік танытуларына куә болған. Сонымен қатар, кезекте ұзақ күту тұрғындар арасындағы даудың пайда болуына септігін тигізген.

Осы ретте, қызметтерді электрондық түрде алуды тұрғындар арасында насихаттауды арттыруды, сондай-ақ, білікті мамандар мен техникалық жабдықтарды көбейту бойынша мекеме басшылығына ұсыныс енгізілді.