Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Абай ауданында 40 көшені күніне 2 рет LTD Тұрмыс мекемесінің 2 техникасы залалсыздандыруда.
Сондай-ақ ауданға қарасты 716 үйге №35748 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 4 техникасы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетсек, LTD Тұрмыс ұйымы елді мекенге күніне 2 мезгіл таза ауыз су жеткізіп беруде.
Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі барлық тұрғындар қауіпсіздік талаптарын мұқият орындап, үй карантинінде отыр. Барлық 2 856 тұрғынға тұрақты түрде тегін медициналық бетперде таратылуда.
Шымкент қаласының Төтенше жағдай жөніндегі штабы