31.03.2020 в 16:22

ЖҰМЫСШЫЛАРҒА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ҒАНА ЖАЛАҚЫСЫ ТӨЛЕНЕДІ

Орын алған жағдайға байланысты жұмысы тоқтаған немесе жұмыстан босаған азаматтардың жағдайы, көрсетілітен әлеуметтік қолдау мәселелері туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

- Толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу бойынша, егер жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Бұл Еңбек Кодексінің 70-ші бабына сәйкес, толық емес жұмыс күні мен күнделікті жұмыс ауысымы және аптадағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі. Бұл жерде, жұмысшыларға атқарылған жұмысы бойынша ғана жалақысы төленеді. Мысалы, норма бойынша 8 сағаттық жұмыс уақыты болып, оның 4 сағатын жұмыс істейтін болса тек 4 сағаттық жұмыс істегені үшін жалақысы төленеді, - деді Қанат Жүнісбеков.

Брифингте қашықтықтан жұмыс істеу жайы да сөз болды. Бұл ретте тараптардың келісімі бойынша (жұмыс берушінің актісіне, келісімге өзгеріс енгізумен бірге) және өндірістік процесстер мүмкіндік берген жағдайда, жұмыс беруші қашықтықтан орындалатын жұмыс белгілеуі мүмкін. Яғни, Еңбек Кодексінің 138 бабына сәйкес бұл жұмыс беруші орналасқан жерден тыс, жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәртібіндегі жұмыс атқару болып саналады.

Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады және жалақы жұмыс атқарған уақытқа төленеді.

Бос тұрып қалу уақытын ресімдеу

Жоғарыда аталған жағдайларда қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайдакейбір кәсіпорындар өздерінің жұмыстарын тоқтатуға мәжбір болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, Еңбек Кодексінің 112 бабына сәйкес жұмыс беруші бос тұрып қалу уақытын ресімдеугеқұқылыжәне ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалмаған болса жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленеді.

Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы