14.04.2020 в 23:06

Шымкенттік волонтерлар төтенше жағдайда қала тұрғындарына ерекше көмек көрсетті

Шымкенттік волонтерлар төтенше жағдайда қала тұрғындарына ерекше көмек көрсетті. Адамдар жиі шоғырланатын жерлерге шыға алмайтын жалғыз басты қарияларға волонтерлар 50 азық-түлік себеттерін тарқатты. Волонтерлар «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін қарияларға үлестірді. Сондай -ақ қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Орталық саябақта» еріктілер 1000-ға жуық азаматқа коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар тарқатты.