Рухани жаңғыру бағдарламасының "Туған жер" жобасы аясында Шымкент қаласының "Отырар" ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Жүйріктер шықты желіге» онлайн айтысы өткізілді.
Онлайн айтыс көпшіліктің көңілінен шыққандықтан, әр аптаның сәрсенбі күні ұйымдастырылуда. Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде айтысқан ақындар Кәрима Оралова, Анар Жаппарқұлова, Нұрлыбек Мейірманов, Нұрғали Әнапия, Мейіржан Жақыпов, Лаура Тастанбек сайыстың көрігін қыздырып, қазақтың қызыл тілді сөз өнерін өрге сүреді. От ауызды, орақ тілді ақындар бір-бірін әзілмен қағытып, ұтымды сөзбен орағытып, дес бермеді. Сөз өнерін түсінетін халық фейсбук желісі арқылы ақындардың бағасын берді.