17.04.2020 в 00:10

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРҒА ХАБАРЛАСЫП, ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БІЛУДЕ

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы тұрғындарының денсаулығын қорғау – медицина қызметкерлерінің алдына басты мақсат етіп қойылған. Осыған орай, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы барлық емханалар өзінде есепте тұратын азаматтармен телефон арқылы байланысып, олардың денсаулық жағдайын  тексеріп шығуда. Төтеннен келген жұқпалы аурудың алдын-алудың барлық шаралары жасалып жатыр. Сондай-ақ, қалаға келген қонақтардың да барлығы уақытша есепке алынып, олардың да денсаулығы бақылауға алынуда. Егер тұрғындар мен қонақтарда дене қызуы көтерілуі немесе  короновирус инфекциясының басқа да сиптомдары анықталса, олар дереу бақылауға алынатын болады.

Бүгінгі күнге дейін медицина қызметкерлері қала бойынша барлығы 632 мың тұрғынға телефон арқылы хабарласқан. Оның ішінде 5 500 адам Қазақстанның өзге өңірлерінен келген азаматтар. Яғни, 1 600 адам Нұр-Сұлтан қаласынан, 2 600 адам Алматы қаласынан, қалғандары басқа облыстардан келгендер болып отыр.