17.04.2020 в 00:13

ШЫМКЕНТ: АУРУХАНАЛАРДА 170 СТАЦИОНАРЛЫҚ, 680 ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРЫН ӘЗІРЛЕНДІ

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты.

- Мұнан бөлек түрлі жағдайларға дайындық ретінде 680 провизорлық орын да әзірленген. Әлемде короновирус инфекциясының таралу қарқыны өте жоғары. Шымкент қаласында індеттің таралуының алдын алу мақсатында барлық іс-шаралар қолға алынуда. Дегенмен кез келген жағдайға дайын болуға тиіспіз. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Мұнан бөлек 680 провизорлық орын да әзірленген. Сондай-ақ, 1 447 орындық 5 карантиндік стационар да дайындалды, — деді Е.Садыр. Қала әкімінің бірінші орынбасары медициналық мекемелерінде 72 мың бетперде қоры бар екенін де атап өтті.

Шымкент қаласының

төтенше жағдай жөніндегі штабы