17.04.2020 в 00:19

ШЫМҚАЛАДА ІНДЕТТІҢ ТАРАЛМАУЫ ҮШІН ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласында 4300 мед.қызметкер арнайы оқудан өткен. Коронавирусқа 170 орын, провизорлық 680 орын дайын және 500 ИВЛ аппараты бар.

Қалада медициналық маска тігіле бастады. Оның бағасы: 4 қабат маска - 110, 8 қабат - 130. Ал, 16 қабаттысы -200 теңгеден сатылымға шықты. Масканың ерекшелігі көп қолданбалы. Кір сабынмен жуып, үтіктеп, қайта қолдана бересіз.  Бірақ дәріханаларда адам басына 4 данадан артық сатылмайды. Себебі кейбіреулер арзан алып, қымбат сатуы мүмкін.

Сондай-ақ, Шымкентте антисептик өндіру көлемі артады. Оның бағасы 420 теңге болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР аумағында Төтенше жағдайлар режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалуы барысы жөнінде қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз мәжілісінде айтты.