17.04.2020 в 23:15

БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕ 669 ҚЫЗМЕТКЕР ҮШ АУЫСЫМДА ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда қала кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералары және дрондармен қамтылған.

Барлық блок-бекетте жалпы 669 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде: 237 полиция қызметкерлері, 204 медицина қызметкерлері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары үш ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда. Блок-бекеттерде көлік жүргізушілері мен оның салонындағы жолаушы міндетті түрде тіркеуге алынып, медицицналық құрылғымен тексеріліп өткізіледі.

Еске сала кетсек, карантинге байланысты қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді. Азық-түлік базарлары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеп тұр. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.

Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы