18.04.2020 в 22:31

ШЫМКЕНТ: 42 500 ТЕҢГЕНІҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТҚАНДАР РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРУДЕ

Шымкентте 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алып жатқандар аз емес, көпшілік қазір игілігін көріп алғысын білдіруде. Құжат тапсырған қаланың да, қала маңындағы шалғай елдімекендердің де тұрғындарына беріліп жатыр. Әлеуметтік көмекке ие болғандардың басым бөлігі қаражатты азық-түлікке, коммуналдық төлемге жұмсағандарын айтады.

Шымкент қаласының тұрғыны кәсіпкер Ермек Сәдуақасов елімізде енгізілген ТЖ байланысты карантин кезінде кәсібі тоқтаған. Осынау қиын сәтте 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне қол жеткізіп, қарапайым халықтың жағдайына бей-жай қарамаған ел басшысы Қ.Тоқаев мырзаға өз алғысын жеткізуде.

Осылайша, халық қаржылай қолдаудың игілігін көріп жатыр. Карантин кезінде қиналған жандар мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Тек әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санатынан болсаңыз жеткілікті.