Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы аумағында шектеулер енгізілген. Осыған сәйкес, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі А.Аликулов және Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге аудан аумағындағы Мәртөбе, Бозарық, Қайнарбұлақ блок бекеттерінің жұмысын бақылады. Барлық блок бекеттері аудан әкімдігі қызметкерлері, әскери және құқық қорғау өкілдерінің тұрақты бақылауында.
Сондай-ақ, "Біз біргеміз" акциясы бойынша 1 кезеңмен 6100 отбасының тізімі жасақталып, көмек көрсетілді.Қазіргі таңда 2 кезең бойынша аудан әкімдігі тарапынан қосымша тізім жасақталуда.