21.01.2015 в 17:48

Қазақстандық саясаткерлердің селфиі

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков дарынды балармен кездесті. Бұл кездесудің басты жаңалығы болмаса да, бас шаһар басшысының оқушымен селфи жасағанын жарыса жазып жатыр. Осы орайда өзге де қазақстандық саясаткерлердің селфилері  есімізге түсіп, мына бір топтаманы ұсынып отырмыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мына бір екі фотосы көп жерге тараған. Біріншісі Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен, екіншісі Илья Ильинмен түскен суреті.

 

Премьер -министр Кәрім Мәсімовтің де бір топ жаспен селфиі интернетті шарлап жүр.

Батыс өркениетін бойына басқалардан ертерек сіңірген жастардан құралған "Болашақ" қауымдастығының жиындарында жастар "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек селфиге жиі түсіп қалады. 

Саясат Нұрбек шетелдегі сапарларының бірінде жастармен кездесуден соң өзін-өзі суретке түсіріп жатыр.

 

Төменде бірқатар Парламент депутаттарының өзін-өзі суретке "тартуы". Арасында "Нұр Отан", Ақжол және Коммунистік партия өкілдері де бар.