04.06.2020 в 23:43

ШЫМКЕНТ: КӨШЕЛЕРГЕ ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ҚОЙЫЛА БАСТАДЫ

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктер алдымен Қаратау ауданына қарасты Алматы көшесіне қойыла бастады.

Жаңа заманауи үлгідегі қондырғыларды қоқыс тасымалдаумен айналысушы мекеме "Эко Спец Транс" мекемесі тарапынан орнатылды.

Алматы көшесі - қала аумағындағы орталық көшелердің бірі. Осы орайда аталған көше тұрғындарына қоқыс шығар кезінде қолайсыздықтар туындамас үшін және қоршаған ортаның тазалығы басты назарда екенін ескере отырып жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта өзге де көшелердегі қоқыс жәшіктері жаңартылатын болады.