05.06.2020 в 12:00

ШЫМКЕНТ: КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 200 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында Әл-Фараби ауданы Забадам, Сауле, Химфарм шағынауданы және 195 орамның тұрғындарына көмек берілді.

Аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен өткізілген қайрымдылық іс-шараға Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұлов, Шымкент қаласының бас имамы және Әл-Фараби ауданының бас имамы қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз!