11.06.2020 в 18:19

«Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет»

Шымкент қаласы Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің кітапханашыларының үйымдастыруымен қоғамдық сананы жаңғырту - «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру мақсатында жыл бойына «Буккроссинг» (кітап сыйлау, кітап алмастыру) жобасы өткізілген болатын. Буккроссинг (ағылшын тілінде кітаптың айналыста жүруі) – «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген. Адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б,) қойып кете алады. «Буккроссингтің» басты мақсаты ол үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «Екінші өмір сыйлау».

Осы орайда Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Б.О. Жақыпбекова мектеп кітапханасына бірнеше көркем әдебиеттер сыйлады.

Атап айтар болсақ «Күлтегін Тоныкөк», «С.Торайғыров», «Ә.Әлімжанов», «А.Байтұрсынов», «П.Оралбай», Н.Ердәулетұлының «Абайтану» кітабы және де Б.Момышұлының естеліктері жайлы жазылған кітаптарды өткізді.