12.06.2020 в 17:47

Әке - отбасының тірегі болса, ана - берекесі

Шымкент қаласы №124 ЖОББМ 8 "В" сынып оқушысы Мирмахмудова Гулчехра Отбасы құндылығын қалай түсінетінін былайша жеткізіпті: «Өмірге енді ғана келген сәбидің еститітіні -ананың үні , көретіні ата  анасының қарым-қатынасы , қалыптасуындағы отбасының орнын ештеңе айырбастай алмайды. Атасы мен әжесінің " айналайынынан " нәр алып ,әкесі мен анасының мейірімін сезініп жетілген баланың иманды , көргенді ,көпшіл болып өсетіні анық ."Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің "деп бабаларымыз текке айтпаған , ананың сүтімен , әкенің қанымен бойға сіңген қасиет жеткіншектің алдағы өмірінің бағдаршамындай болады. Ұлттық құндылықтардың бастауы отбасы . Әке - отбасының тірегі болса , ана - берекесі .Көзін ашқаннан көргені мен естігені бала жадында тасқа басқан хаттай жазылып қала беретіні анық. Бақытын баладан іздейтін ата -ана "не ексе , соны оратынын " біліп , өзінің әрбір сөзі мен әрекетіне мән берген .Қазақта "уызына жарымаған " деген сөз бар . Алғашқы сүт -уызды тойып ембеген қозының ет алып , оңалуы қандай қиын болса, отбасынан оңды тәрбие алмаған баланың дұрыс өсіп -жетілуі сондай қиын . Отбасылық , ағайындық , туыстық қарым-қатынастарды үйрететін , қазақ шаңырағында ғана тән , жазылмаған қағидалар - әдептілікке тәрбиелеудің үлкен мектебі

Әйел - табиғатынан адалдыққа  , бейім және мейірімнің бұлағы . Ол - осындай ізгі қасиеттерімен тектіліктің, ізгіліктің үлгісі , сондықтан әйелдерге қойылатын талап қашан да жоғары . "Алып анадан , арғымақ биеден туады " дейді халқымыз . Бала тәрбиесіндегі әкенің орнын төмендетуден  аулақпын , дегенмен жас өспірімнің өсіп қалыптасуында ананың атқаратын міндеті - қисапсыз. Тіпті әкесінің кемшіліктерін де балаларына білдірмей, оны мінсіз тұлға етіп, жаманын жасырып, жақсысын асырып көрсету арқылы тамаша ұрпақ тәрбиелеген қазақтың айтулы аналарының парасаттылығына тәнті боласың.

Аналарынан үйренген өнегені өз балаларына, немерелеріне үйретіп, дәстүрді сабақтастыру арқылы алтын көпір болу - ұрпағының келешегін ойлайтын әрбір қазақ әйелінің міндеті . Көкірек көзі ашық ,пайымы терең , ақылдың кені аналарымыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған " айналайынымен "санамызға сіңген , биязы да жұмсақ үнімен жүрегімізге орныққан ақыл кеңестері өмір қиындықтарынан сүріндірмей , бізді тек алға жетеледі."Көретін -қызығым , жейтін -жемісім , атар таңым -сендер ",деген ананың үкілі үмітін арқалаған перзенттің бөтен ойы , жаман пиғылығы болуы мүмкін емес ...

"Ел сендерге қарап , бізге баға береді " , -деу арқылы иығымызға үлкен жауапкершілік артып , сенімді ақтауға ұмтылдырады.

"Ұлтыңды тәрбиелемеймін десең, қызыңды тәрбиеле "деп қазақ текке айтпайды, өйткені бүгінгі - ару - ертеңгі ана. Әйел -ана -жақсы болса , бір әулеттің шамшырағы , жаман болса қасіреті. Ағайының арасын жақындатып , ерінің. Мерейін үстем етіп жүретін әйелдің ұялтпайтын ұрпақ тәрбиелейтіні де шүбәсіз».