12.06.2020 в 20:15

Мақсат - ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде апта сайын ұйымдастырылу жоспарланып отырған "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасының оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор. Мақсатымыз - зейнеткерлік жастағы қариялар мен зияткер оқушылардың арасында достық қарым-қатынас орнату. Шаңырақ оқушыларымен бірлескен шығармашылық жұмыстар жасау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуде қариялар мен жас ұрпақтың сабақтастығын қалыптастыру, отбасы құндылығын дәріптеу, жас ұрпақтың рухани мәдениетін көтеру, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу. Өткен шараларда «Көкшетау" және "Сауыр-Тарбағатай" шаңырақтары бірлесе ұйымдастырған шарада ағылшын тілін үйренген апа-әжелер, шәкірттерге ризашылығын білдірген-тін. Алдағы уақытта карантин режимі аяқталған соң тағылымды шараның жалғастыру жоспарда бар.