14.06.2020 в 17:37

Ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайық

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы білім беретін орта мектепте «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жоспары негізінде ұлттық құндылықтарды, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шаралар тізбегі жоспарланған. Аталған жоспар негізінде ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын, қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт -дәстүрімізді насихаттау, жас буынды патриот етіп тәрбиелеу, қыз бен жеңгенің арасындағы сыйластықты,сырластықты дәріптеу мақсатында түрлі онлайн-сабақтар өткізілуде. "Қыз-ұлттың жаны" демекші, ертеңгі ана болатын жауқазын қыздарға түрлі ақыл кеңестер айтылып, дәрістер қызықты өткізілуде.